jasqazaq.kz

Өз анасының үйін казиноға айналдырған өскемендік тұрғын сот алдына келді

31 шiлде 2017, 12:26

Өскемен қаласының №2 сотында өз анасының үйін заңсыз ойын ордасына айналдырған 33 жастағы азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Сотта айыпты кінәсін бірден мойындаған.

Тергеу органы күдіктінің жасыл түсті матамен ойын үстелін, ойын таймері мен әр түрлі номиналдағы фишкаларды сатып алғанын анықтаған. Жасырын казино шамамен бір жыл бойы жұмыс атқарып, оның ұйымдастырушысы көп-көрім пайдаға кенеліп отырған. Ұлының құйтырқы әрекетін анасы сезбеген де көрінеді. Казиноға мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері «ойыншы» ретінде қатысып, ақыры күдікті ұсталады. Бұлтартпас дәлелдер күдіктіні тырп еткізбей, ол процессуалдық келісімге келген. Сот үкімімен күдікті қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 млн 345 мың теңге көлемінде айыппұл (500 АЕК) салынды. Заңсыз казиноның мүліктері толығымен жойылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде