jasqazaq.kz

Ұзынсонар кезек: Түркістан облысында жанармай тапшылығы туындады (Видео)

09 желтоқсан 2021, 14:23

Кейбір бекеттер бензин мен дизель отынын бірден қымбаттатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов өңірдегі жанармай тапшылығы Павлодар зауытының уақытша жөндеу жұмыстарына тоқтауына тікелей байланысты екенін айтты. «Бүгінгі күні облысты жалғыз Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жанармаймен қамтамасыз етіп отыр. Бұған дейін арзан бағаны ұстау үшін жанармай темір жол арқылы Павлодардан және Шымкенттен тасымалданатын. Бүгінгі күні «ПетроҚазақстанның» вагондарында бензин жоқ. Үлкен жанармай сататын бекеттерге өз компаниялары тікелей жеткізіп жатыр. Ал, жеке жанармай бекеттерінің иелері жолдың ақылы болуына байланысты тасымалдауға қарсылық білдірді. Бұл — тікелей Энергетика министрлігінің жауапкершілігінде. Біз бұл туралы ақпаратты бердік. Келіссөз жүргізілді. «Шнос» компаниясы облыс үшін көбірек бензин беретін болды» — деді Рашид Аюпов.

Энергетика министрлігі мен «Шнос» компаниясы өкілдерінің сөзіне сенсек, екі күн ішінде мәселе толығымен шешілу керек. Ал, демалысқа дейін шалғайда орналасқан Шардара, Мақтарал аудандарына да жеткізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, жанармай тапшылығы туындаған тұста кейбір бекеттер бензин мен дизель отынын қымбаттатып жіберген. Бұл бағытта мониторинг тобы бақылау жүргізіп, істі монополияға қарсы күрес департаментіне өткізіп жатыр. Бүгінде жанармай станциялары арнайы талон арқылы бірінші кезекте мемлекеттік мекеме көліктерін жанармаймен қамтып отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық