jasqazaq.kz

Ұялы телефон сатқандардың қолынан ұрланған зат табылды

22 қараша 2017, 16:25

Ақтөбедегі «Астана» сауда үйінің маңында телефон сатып алып, сатып жүргендерден ұрланған ұялы телефон табылды, – деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде рейдтік шара өтіп, телефон сатып алып, сатып жүргендер полиция бөліміне жеткізілген болатын. Әлеуметтік желі арқылы тікелей таратылған рейд халық арасында түрлі ой туғызды. Алғашында Ақтөбе облыстық ІІД ұрланған заттар табылмағанын хабарлаған болатын. Ал прокуратура ұрланған телефонның бар екенін анықтады.

«Рейдтік шаралар барысында ұялы телефондар ұрлығының алдын алу көзделді. Бір сатушыдан криминалдық есепте тұрған телефон табылды. «Samsung Galaxy A3» маркалы ұялы телефоны ұрланған заттай дәлелдеме ретінде анықталды және ол алынды», — деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратураның деректеріне сүйенсек, «Ұрлыққа тосқауыл» жобасын іске асырылып жатыр. Жыл басынан бері ұялы телефон ұрлығы 47%, мал ұрлығы 16,5%, автокөлік ұрлығы 38,5%, пәтер тонау жайттары 21,7%-ға азайды.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды