jasqazaq.kz

Ұялы операторлар халық ақшасын қалай жеп жүр: Министр айтып берді

29 қазан 2021, 16:20

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ұялы операторлардың интернеттің жылдамдығын азайту арқылы ақшаны қалай үнемдейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бұрын интернет сапасына қатысты сұрақтар көтерілгенде біз шара қолдана алмадық. Өйткені ең төменгі параметрлер белгіленбеді. Мен өз бұйрығыммен осы жылдың басында ең төменгі параметрлерді белгіледім. 3G үшін 1,5 Мегабит, ал 4G үшін кемінде 5 Мегабит болуы шарт. Енді тексеріс кезінде біз осы параметрлерді негізге алып отырамыз», — деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, биыл 400-ден астам тексеру жасалды. Соның 80 процентінде интернеттің ең төменгі параметрлерін бұзу фактілері анықталды. Сол үшін ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды. Үш-төрт айдың ішінде интернеттің сапасы көтерілмесе, айыппұлдың көлемі екі есеге артады.

«Қазіргі кезде біз депутаттармен бірге айыппұлдың көлемін 100 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке (5 917 000 теңге) дейін өсіріп жатырмыз. Бұл дегеніміз, биыл біз 400 тексерудің нәтижесінде 92 миллион теңгенің айыппұлын салсақ, он есеге өсіргеннен кейін бір жылда 1-2 миллиард теңгенің айыппұлы салынады. Бұл – өте қомақты сома. Сондықтан операторлар интернет сапасына көңіл бөледі деген сенім бар», — деп атап өтті Мусин.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр