jasqazaq.kz

Ұялы байланыс операторларына төлем толық бір айға жасалатын тариф құру міндеттелді

13 мамыр 2020, 17:21

Ұялы байланыс операторларына төлем толық бір күнтізбелік айға жасалатын тарифтік жоспар құру міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын өзгертті. Енді мобильді операторлар абоненттерге өзге тарифтік жоспарлармен қатар, төлем бір күнтізбелік айға жасалатын тарифтік жоспарды да ұсынуы тиіс. Өзгертулердің арқасында абоненттер тарифтік жоспарлардың ішінен өзіне қажетін таңдай отырып, оны толық бір ай пайдалана алады. Мысалы, егер абонент тарифтік жоспарға айдың соңғы күні қосылса оның жеке шотынан байланыс қызметі үшін төлем келесі айдың соңғы күні шегеріледі. Сонымен қатар, аталған тарифтік жоспардағы қызметтер көлемі аяқталғаннан кейін оператор абоненттің келісімінсіз қызметтің қосымша көлемі үшін ақы ала алмайды. Мұнымен қоса, ережеге «базалық тарифтік жоспар» ұғымы енгізілді. Бұл тариф абоненттік төлемді талап етпейді, тек нақты пайдаланған минут немесе SMS санына ғана төлем жасай отырып, қоңырау шалуға және SMS жіберуге мүмкіндік береді. «Базалық тарифтік жоспар» абонент нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісіне ауыстырғанда (MNP қызметі), жаңа тарифтік жоспарды таңдап үлгермегенде, сондай-ақ қолданыстағы тарифтік жоспар әрекет етуін тоқтатқан жағдайда қосылады. Бұған дейін ұялы байланыс операторы абонентте қандай да бір тарифтік жоспар болмаса, оны өздері абоненттің келісімінсіз кез-келген тарифтік жоспарға қоса алатын. Байланыс операторлары «базалық тарифтік жоспарға» өзгерісті жылына бір рет қана енгізе алады жәнебұл туралы ол абонентті нақты өзгерістерге дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етуге міндетті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия