jasqazaq.kz

«Юбилейный»: Өрттің себебі белгісіз

10 мамыр 2016, 18:03

Бүлінген 23 пәтерді Байбек үш күнде қалпына келтірмек Алматыдағы Абылай хан — Гоголь киылысындағы «Юбилейный» кафесінде бүгін таңертең өрт болды. Әзірге өрттің неден болғаны белгісіз. Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Қала әкімінің ресми өкілі, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуовтың айтуына жүгінсек, кафе орналасқан көп қабатты үйдің 23 пәтері бүлінген.

Оның жетеуі күрделі жөндеуді қажет етеді. Бейсеуовтың айтуынша, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тиісті орындарға бүлінген 23 пәтердің барлығын үш күн ішінде жөндеп шығуға тапсырма берген. 2

«Кафеде шыққан өрт кесірінен зиян шеккен пәтерлерге жөндеу жұмысы кімнің
есебінен жүргізіледі?» деген «Жас қазақ» газетінің тілшісі қойған сұраққа Ермек Бейсеуов: «Ол жағын нақты білмейді екенмін. Ең бастысы — ешқандай адам шығыны орын алған жоқ» деп қысқаша жауап қайтарды. Бейсеуов, сондай-ақ, ешқандай газ балонының жарылмағанын, жақын мандағы жүргіншілердің тек жарылысқа ұқсас дыбыстың шыққанын естігенін мәлімдеді.

3

4

5

6

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі