jasqazaq.kz

Ұтысқа қол жеткізу қиын ба?

27 тамыз 2021, 11:55

Бүгінде жанкүйер мен спорттық шараларға бәс тігуді қалайтындар қатары көбейіп жатыр. Жалпы алғанда, бұл – оң үрдіс. Өйткені соның нәтижесінде отандық букмекерлік қауымдастықтар көбірек табыс табады және спорт командаларына, клубтар мен федерацияларға белсенді түрде демеушілік жасайды. Мұндай көмектің көлемі соңғы кезде жылына бірнеше миллиардтаған теңгеге жетуде. Әрі жыл сайын бәс тігу өріс алғанда букмекерлік кеңселер де үлкен спортты қолдаудан аянып қалмайды.

Елімізде спорт жарысына бәс тігетін жанкүйер саны, букмекерлік кеңселердің есебінше, кемінде жарты миллионды құрайды. Олардың саны көбеймесе, азаяр емес. Жоғарыда айтып өткендей, бұл үрдістің жағымды жақтары бар. Демеуші көбейіп, спортшылардың кәсіби деңгейінің жақсаруына әсер етеді. Матчтар, жарыстар мен сайыстар барған сайын әсерлі болып келеді. Соның нәтижесінде спортсүйер қауымның қатары артады.

Букмекерлік кеңселердің спорттағы сыбайлас жемқорлықпен күреске де оң әсер еткенін атап өткен жөн. Қазақстандағы ірі букмекерлік компаниялар жетекші клубтар мен командаларға демеушілік көрсете бастаған кезде, әрі олардың бас демеушілеріне айналған тұста (мысалы, 1xBet «Қайратқа» демеуші болды), федерациялар мен жаттықтырушылар арасында жемқорлық айтарлықтай төмендеді. Спорттағы өзара ымыраласу сияқты жағымсыз құбылыс та ұмытыла бастады. Бүгін мұндай алдын ала келісілген футбол матчын немесе бокс жекпе-жегін ұйымдастыру бұрынғыға қарағанда жүз есе қиын. Букмекерлік кеңселер бұған жол бермеуге тырысады. Себебі мұндай келеңсіздік оларды қаржыдан қағады. Бүкіл әлемде букмекерлік қауымдастықтар спорттағы алдын ала келісілген және басқа да астыртын әрекеттерге қарсы аяусыз күрес жүргізуде. Біздің еліміз де мұндай күрестен сырт қалған жоқ.

Әйтсе де, енді ғана бәс тігуге бел байлаған жанкүйерлер мұнда да алаяқтардың өріп жүргенін есте ұстағаны жөн. Өйткені алаяқтар бәс тігуге жаңадан бас қойғандарды қақпанға оңай түсіреді.

Үш ереже

Бұл саладан бейхабар адам спорттық бәс тігуді әр түрлі құмар ойындармен жиі шатастырады. Бұлайша қателесу кейде жоғары лауазымды шенеуніктер мен депутаттар деңгейінде де кездеседі. Десе де, екеуінің арасы жер мен көктей. Егер құмар ойында, мысалы, казинода нәтиже кездейсоқтыққа байланысты болса, букмекерлік бәс тігу білімге, спорттағы оқиға мен үрдістерді дұрыс талдауға негізделген. Мұндағы нәтижені ешкім әсер ете алмайтын, тек біліммен ғана болжауға болатын сыртқы оқиғалар анықтайды.

Букмекерлік кеңседе казинодағыдай кездейсоқ жолмен ешқашан ұта алмайсыз. Бұл айырмашылықты ұғыну бәс тігуді жаңадан бастағандар үшін өте маңызды. Өйткені желідегі алаяқтар «ойланбастан» жеңуге болатынына сендіруге тырысады. Олар матч немесе сайыстың қалай аяқталатынын алдын ала білетіндерін айтады. Аңқаулардың басын айналдырып, болжамды сатып алуға үгіттейді. Мұндай «ақылгөйлерге» сенбеу керек.

Дәлме-дәл болжам жасау үшін білім керек. Талдау мен сараптама жасау керек. Бұл құмалақ ашып, сәуегейлік жасау емес, керісінше, ойланып-толғануды қажет ететін байыпты жұмыс. Букмекерлік кеңселерде казино немесе картадағыдай кездейсоқ сәттіліктердің болмайтыны таңқаларлық жайт емес. Жалпы құмарпаз ойыншының бәс тігуге араласуының мәні жоқ: эмоцияға берілген адам нақты болжам жасай алмайды. Бәс тігу үшін асқан салқынқандылық пен байсалды есеп қажет.
Кәсіби мамандар үш ережені ұстануға кеңес береді. Біріншіден, мойныңызда қарыз немесе банкте несиеңіз болса, үлкен сомаға бәс тіуге болмайды. Тіпті жарыс нәтижесі айқын болып көрінсе де, ешқашан ондайға бармаңыз. Екіншіден: бәс тігуге қажет ақшаны қарызға алмаңыз. Үшінші ереже – күтілетін ұтыстарды отбасының қаржысына қоспаңыз. Егер ұтып алсаңыз, тамаша. Бірақ бұл тосын сый мен жақсы сыйлық болсын. Дегенмен ұтысты алдын ала жоспарлау мүмкін емес. Осыны жадыңызда сақтаңыз.

Тағы да қайталап айтамыз, беттинг (бәс тігу) талдау мен білімге негізделген. Сондықтан ең алдымен қай спорт түрін жақсы білетініңізді анықтау маңызды. Қай командаға бүйрегіңіз бұрады? Оның жеңістері мен жеңілістерін қадағалап жүрсіз бе? Әр бапкер мен ойыншының мықты немесе осал тұстарын білесіз бе? Егер шынымен білетін болсаңыз, онда Еурокубоктардың кейбір фавориттеріне қарағанда, сол команданың ойындарына бәс тіккен жақсы. Ең үздік команданың жеңіске жетеріне де жүз пайыз сенім жоқ.

Қолыңыздағы алғашқы қаржы мөлшерін анықтау да маңызды. Бәс тігуге жұмсайтын сома сіздің жеке бюджетіңізге салмақ салмауы керек. Шектен тыс құмарлыққа берілмес үшін, өзіңізге белгілі бір шектеу қойыңыз. Мәселен, бір айда бәс тігуге мынадай сомадан артық жұмсамаймын деген сияқты. Ешбір жағдайда аталған шекті сомадан асып кетпеу маңызды. Қолыңыздағы бастапқы қаражатты сақтап қалу үшін осы салаға қатысты дүниелерді көп оқып, стратегияларды зерттеген дұрыс. Белгілі бір спорттың сан қилы стратегиялары, бәс тігудің әр түрлі режимдері бар (мысалы, Live, Express немесе Prematch). Сонымен қатар, спортта тұрақты ештеңе жоқ екенін есте сақтаған жөн. Мысалы, «Канеломен» жекпе-жекте Головкиннің жеңісіне бәс тіккен жанкүйерлер қалай естен танды? Барлығы жеңіске бәс тіккен еді. Ал шайқас кенеттен тең аяқталды.

Кәсіби алаяқтан сақтаныңыз

Беттингтің сәтті болуының тағы бір маңызды шарты – ақылы кеңестерден аулақ болу. Алаяқтар букмекерлік кеңселердің қарапайым клиенттерін тарту үшін тұтас бір жүйе құрған. Олар бәс тігуді жаңадан бастағандардың өз бетінше талдай алмайтындығы мен білімсіздігін өз мақсатына пайдалануға тырысады.

Бәс тігуді енді бастаған әуесқойларды алдаудың кең тараған бірнеше қарапайым әдісі бар. Ең көп тарағаны – «келісілген» деп аталатын матчтың болжамды нәтижелерін сатып алу туралы ұсыныс. Мұндай болжамдардың авторлары, барлық спорт түрлері сыбайлас жемқорлыққа батқан деген ойды санаңызға сіңіруге тырысады. Әсіресе, Қазақстандағы спорт туралы осындай ертегі айтқысы келетіндер көп. Алаяқтар сенімді ақпарат көздері немесе ықпалды «таныстары» арқылы бәрін алдын ала білетінін айтады. Алайда мұндай ақылы кеңестердің бағасы болжамның жалған екенін көрсетеді. Ойлап көріңізші, алдағы ойынның нәтижесі туралы нақты ақпарат 5-10 мың теңге тұруы мүмкін бе, егер сіз осындай ақпарат бойынша миллиондаған ақша таба алсаңыз?

Болжамдарды сату – бұл әдетте бәс тігуші әуесқойларды алдаудың ең танымал әдісі. Интернеттегі мұндай сауда-саттықпен «капперлер» айналысады. Қазір желіде осындай болжаушылар жетіп артылады. Олар өздерінің алаяқтық әрекеттерін шебер бүркемелейді. Мысалы, олар кәсіби платформалар арқылы, салиқалы атаулармен түрлі сайттар құрады. Осы платформалар арқылы «капперлер» өз болжамдары үшін ақылы жазылымдарды сатып алуды ұсынады. Сайттар олардың болжамдарының нақтылығын белгілейтін қандай да бір капперлік рейтингтерге толы. Алаяқтар сізге «ойланбаңыз, талдамаңыз, тек менен болжам сатып алыңыз, бәс тігіп, ұтып алыңыз» деген сөздермен қызықтыруға тырысады. Сонымен қатар, букмекерлік кеңселердің өздері математикалық формулаға сүйене отырып, табысты ұтыс ықтималдығын ақылы болжам негізінде 10 пайызға бағалайды. Капперден болжам сатып алу арқылы 9:1 ықтималдығымен ұтыласыз.

Алаяқтықтың тағы бір түрі желіде «есепті онлайн жылжыту» деп аталады. Алаяқ сізге қажетті соманы өзіне аударуды және пайдаланушының аты мен құпия сөзді бөлісу арқылы өзіңіздің аккаунтыңызды сеніп тапсыруға шақырады. Ал сізге тек ұтыстарды санауды ғана қалдырады, яғни «мен кәсіби маманмын» дейді. Өз қызметтері үшін мұндай «серіктес» сіздің болашақ ұтыстарыңыздың белгілі бір пайызын сұрайды. Бірақ сенбеңіз, оны сіздің пайызыңыз қызықтырмайды. Оған бастапқы сома қажет: сіз оны аударған бойда ақшаны біржола ұмыта беріңіз.

Кәсіби мамандар барлық әуесқой бәс тігушілерді мұндай қызметтер мен кеңесшілерден бас тартуға шақырады. Табысқа мүлдем басқа жолмен: өзіңіз бәс тігетін саланы мұқият зерделеу арқылы, сонымен қатар жаттығу арқылы қол жеткізуге болады. Спорт жарысының нәтижесіне ақша салмас бұрын, өз болжамыңызды құрыңыз. Бұл үшін сізге ноутбук пен интернеттен басқа ештеңе керек емес. Болжам жасаңыз және қайсысы орындалып, қайсысы орындалмайтынын бақылаңыз. Қай жерден қате жібергеніңізді талдаңыз. Беттингте табысқа жету үшін тек қана тәжірибе қажет.

Біздің осы салаға жауапты құзырлы мекемелерге қоятын сауалымыз бар. Шенеуніктерге букмекерлік кеңселерді ойланбастан шектеп, жүртты «құмар ойынға тәуелділіктен» қорқытудың орнына неге алаяқтар мәселесімен тығыз айналыспасқа? Құқық қорғау органдары қайда қарап отыр? Батыс елдерінде мұндай алаяқтардың жолы әлдеқашан кесілген. АҚШ-та, мысалы, жалған болжамдарды сатқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілейді. Ал бізде алаяқ атаулы көбіне құтылып кетеді.

Олжабек Байқуатов

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия