jasqazaq.kz

Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты (видео)

09 тамыз 2017, 11:14

Қытайда жер сілкінісінің салдарынан 12 адам қаза тапты, 175 адам зардап шекті.

Осыған дейін 9 адамның қайтыс болғаны және 164 тұрғынның зардап шеккені туралы хабар түскен болатын. 28 адам ауыр халде жатыр. Іздеу-құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр, онда құтқарушылар мен дәрігерлерден бөлек, ҚХР-дың 1300 қарулы полиция қызметкері жұмылдырылған. Еске салайық, бүгін таңда алматылықтар күшті жер сілкінісін сезді. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше (EMSC), магнитудасы 6,5-ке тең жер сілкінісі Астана уақытымен 05.28-де Қытайдың (21.19-да) солтүстік-батысында болған. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» Мемлекеттік Мекемесінің мәліметінше, зілзаланың эпиценті Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырымда. Зілзаланың энергетикалық класы — 14.8, Магнитудасы — 6.8. 4 балл жерасты дүмпулерін алматылықтар, талдықорғандықтар және Жаркент тұрғындары сезінген. Қарағанды мен Өскеменде 2 балл. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта апаттан қандай да бір қиранды немесе зардап шеккендер жайлы мәлімет түспеген.

https://youtu.be/9P9xvPvRoGg

https://youtu.be/lVZNpNmYy6I

https://youtu.be/yfbyNQK6k9I

tengrinews.kz

 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде