jasqazaq.kz

Қытайда әлемдегі ең жүйрік пойыз жүре бастады (видео)

21 қыркүйек 2017, 16:13

Алты жыл үзілістен кейін Бейжің мен Шанхай арасында сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін жүрдек пойыз іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-ға сілтеме жасап.

Бейсенбі күні таңғы сағат 9:00-де Шанхайдың оңтүстік вокзалынан сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін «Фусин» пойызы жолға шықты.

Ең жүрдек пойыз екі мегаполис арасындағы жолды 4 сағат 28 минутқа дейін қысқартып отырған көрінеді.

«Бұл пойыздардың танымал болғаны соншалық, тіпті бүгінгі күнге арналған билеттердің барлығы бір апта бұрын сатылып кеткен», — деп хабарлады Қытай Теміржол корпорациясының өкілі Хуан Синь.

Қазіргі таңда Қытайда жоғары жылдамдықпен жүретін теміржолдар желісінің ұзындығы 22 мың шақырымды құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Қытай алға озып отыр.

Бейжің-Шанхай жолағы ҚХР-дағы адам көп жүретін жоғары жылдамдықты магистраль. Жыл сайын бұл жолмен орта есеппен алғанда 100 миллионнан астам жолаушы қатынайды.

China Railway (CRC) мәліметі бойынша «Фусин» қазіргі уақытта коммерциялық тораптағы әлемнің ең жылдам теміржол составы.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде