jasqazaq.kz

Қытай билігі мұсылмандардың азанының сөзін өзгертті

26 шiлде 2017, 16:15

Қытай үкіметі жергілікті мұсылман діні өкілдеріне қысым жасап, қатаң бақылауға алғандығы туралы бірнеше дүркін жаздық. Әсіресе, қазақ имамдары мен шәкірттерін түрмеге қамап, тергеуге алып жатқандығы тағы рас.

Кешелі-бері бір сұмдық ақпар әлеуметтік желіге тарады.

Қытай билігі Азан мен тәкпірді өзгертіпті. Тәспіх пен дұғаны да реформалды.

Азан мәтінін өзгерткен Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Хотан аймағының басшылығы екен. Әлеуметтік желіден жеткен мәтіннің қазақ тіліндегі аудармасы мен мазмұны Қытай билігін дәріптеуге бағытталыпты.

 Азан:

Біз Отанның перзентіміз,

Біз Отанның перзентіміз.

Отанымыз — Ұлы,

Отанымыз — Ұлы,

Отанымыз — Ұлы.

Намаз уақыты келді,

Тілек тілеуге келіңіздер!

Отанымыздың бейбіт-беркелі болуын тілейік!

Отанымыздың гүлденіп, дамуын тілейік!

Қосымша: Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында «мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған» оншақты этникалық қазақ тұтқындалды.

Қытайдың Шыңжаң өлкесінің жергілікті үкіметі аяқ-астынан бұйрық шығарып, отанға оралғысы келген қазақтардың қолындағы шетелге шығуға арналған заңды төлқұжаттарын тартып алып бермей отыр екен. Ал жаңадан өтініш бергендерге төлқұжат жасап бермей, олардың Қазақстанға көшуіне ашық кедергі жасап отыр.

Тіпті Whats App, WeChat әлеуметтік желілері арқылы Қазақстандағы туыстарымен хат-хабар алмасып, көші-қон мәселесін талқылағаны үшін тергеуге алынып, сотталып жатқандары да бар дейді. Оның ішінде кейбірі бұл қамаудан аман қалмай, туыстарына «өз-өзіне қол жұмсады» деген себеппен мәйіттері тапсырылып жатыр.

Ең ашынатын жағдай Шыңжаңның жергілікті билігі екі ел арасындағы тең дәрежедегі экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынастары мен ортақ ынтымақтастық мақсатындағы келісім шарттарға қарамастан, Қазақстанды 26 тыйым салынған қауіпті мемлекеттер тізіміне енгізіп қойған көрінеді.

abai.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі