jasqazaq.kz

Ыстық шайдың қандай пайдасы барын білесіз бе?

14 тамыз 2018, 11:44


Шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатыны белгілі болды. Sputnik жазғандай, ғалымдар зерттеу жүргізіп, ыстық шайдың қандай пайдасын барын анықтады.

Зерттеу нәтижесі шайды көп ішетін адамдардың глаукомаға сирек шалдығатынын көрсетті. Мақала British Journal of Ophthalmology басылымында жарияланған.   Глаукома көздің көрмей қалуының негізгі себебі болып табылады, ол көздің ішіндегі қысымнан пайда болады.

Зерттеуде ыстық немесе жылы шай туралы айтылады. Бірақ өте ыстық шай жөнінде емес, өйткені онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша халықаралық агенттіктің мәлімдеуінше, тым ыстық сусын ішкен адам өңеш рагына шалдығуы мүмкін.   Ғалымдар АҚШ-та жүргізілген ұлттық сауалнаманың нәтижесіне сараптама жүргізген. Белгілі болғандай, 1600 азаматтың тек бес пайызында ғана глаукома бар екен. Кофе немесе суық шай ішетін адамдардың көз көруі нашарлай бастағаны анықталды.

Осылайша, ғалымдар ыстық шай ішу мен глаукома ауруына шалдықпау арасындағы байланысты тапты. Мұны шайдың құрамындағы кофеинмен түсіндіруге болады. Кофенің құрамында да кофеин болғанымен, оның глаукомамен байланысы ыстық шай секілді емес.

Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы флавоноидтардың қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеті бар, ол көзді аурулардан қорғай алады. Бұдан бөлек, шайдағы антиоксиданттар көз жасушаларының жаппай жойылуын бәсеңдетеді.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді