
Қостанай балалар ауруханасында Намик Шишинов – футбол қақпасының астында қалып қойған бала қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап. Бұл туралы басылымға баланың туыстары хабарлаған. Олардың айтуынша, баланың жағдайы түнде бірден нашарлаған. Таңертең қайтыс болған. Дүйсенбі Намик Шишиновты Нұр-Сұлтандағы клиникаға ауыстыру керек болған.