jasqazaq.kz

Үсті-басын үтікпен күйдірген: Талдықорған тұрғыны екі күн бойы әйелін азаптаған (Видео)

10 шiлде 2021, 11:44

Талдықорғанда азаматтық некедегі күйеуі мастықпен әйелін аяусыз сабап, үсті-басын үтікпен күйдірген. Денесінің сау тамтығын қалдырмапты. Телефонын тартып алып, екі күн бойы үйде қамап ұстаған. Алған жарақаттарынан келіншек бірнеше рет есінен танып тұрған. Туыстарының айтуынша, бұл жағдайға орынсыз қызғаныш түрті болуы мүмкін. Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлайды.

«Білмеймін, ешкімнің миына келмейтін жағдай ғой, үстін күйдіру таң атқанша деген. Анау қалай шыдаған деймін да. Оны пітерде тастап кеткен. Есіктің бәрін жауып алған. Кілтті алып алған. Телефонды алып алған. Ана қыз ешкімді шақыра алмаған. Енді ол ана жағдайда қалай шақырады. Талып қалған қайта-қайта. Соққаннан тала бергем дейді. Білмеймін есімді дейді. Содан кейін жедел жәдем шақырған ба, сондай. Маған айтпаған ол жағдайды. Мен ол жағдайды кеше ғана білдім», – дейді жәбірленушінің сіңлісі Мөлдір.

29 жастағы келіншек жедел жәрдеммен бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Кейін тәртіп сақшыларын шақырып, күйеуінің үстінен арызданған. Қазір бұл оқиға бойынша, 33 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр. Жәбірленушінің денсаулығына орташа деңгейде қасақана зиян келтіргені үшін ер адам жауапқа тартылмақ. Арнайы сараптама да тағайындалған. Ал, жәбірленуші қазір ауруханада.

«Науқас кеше бізге түсті. Урология бөліміне жатқызылды. Екі бүйректің қабынуы. Қосымша науқаста кеудесінде және қолдарында, аяқтарында күйген жерлер бар. Енді, бүгін тағы да қосымша тексереміз. Қазір жағдайы орташа ауырлықта. Урология бқлімінде жатыр. Барлық емін алып жатыр», – дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Асқар Садықов.

 

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия