jasqazaq.kz

Үстелді ұрған бас дәрігердің іс-әрекеті тексеріледі (видео)

18 қараша 2020, 9:43

Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстіне жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізіледі.

Оқиғаның видеосы Желіде жарияланды. Роликке қарағанда кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойды.

«Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. (…) Емханаға келгенде «дәрі жоқ» деп айтады. Ана жеті миллиард шығыс ақша қайда кетті?» — деді видео сыртындағы адам.

Бас дәрігер жауап ретінде айғайлап, қолымен үстелді ұрды. Кейін кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетті.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Денсаулық сақтау басқармасы жанынан Талғар аудандық аурухананың бас дәрігері Н. Құлсейітовтің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі ұстауы мәселесін қарастыруғы байланысты комиссия құрылды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

 

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия