jasqazaq.kz

Үстелді тоқпақтаған дәрігер қандай жаза алды? (видео)

09 желтоқсан 2020, 15:32

Алматы облысында Талғар орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітовтің үстінен жазылған шағымнан кейін тексеріс жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бас дәрігерге қатысты тексеру қорытындысын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Еске салайық, Талғар ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері тұрғындармен кездесу өткізген болатын, онда бір адам дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойған соң, бас дәрігер жауап ретінде айғайлап, қолымен үстелді ұрады. Кейін кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетеді.

Бас дәрігердің этикалық нормалары мен кәсіби мінез-құлқын сақтау мәселесін қарау туралы комиссия құрылды. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы оның нәтижелерін бөлісті.

«Тексеру барысында аталған медициналық ұйымның басшысына қатысты «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік шара қабылдау туралы шешім шығарылды», — деді ведомстводағылар.

Бұған дейін оқиғаның видеосы Желіде тараған болатын. Осыдан кейін блогерлер мен қоғам қайраткерлері бас дәрігер Нұрлан Құлсейітовпен кездесу үшін Талғардың орталық аудандық ауруханасына барды. Блогерлер ауруханаға кірді, бірақ бас дәрігердің кабинеті орналасқан әкімшілік аумағына жете алмады. Күзетшілер оларды кіргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Жағдай төбелеске жете жаздады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от НОВОСТИ / СОБЫТИЯ / МЕДИА (@kazakhstan.media)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде