jasqazaq.kz

Ұстазы оқушысына қол жұмсады деп айыпталуды

17 сәуiр 2019, 10:46

Ақтөбедегі №45 орта мектеп мұғалімі Арайлым Елдесоваға қатысты тергеу басталды. Оқушы бас-ми жарақатымен ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«10-сәуірде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №4 полиция бөліміне бастауыш сынып мұғалімінің 1сынып оқушысына дене жарақатын келтіргені туралы ата-анасының шағымы түсті. Ақтөбе медицина орталығының балалар стационарында кәмелетке толмаған балаға «жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы» диагнозы қойылған. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-тармағы, яғни, «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша соталды тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқушы ем қабылдап жатыр, ал мұғалімді жұмыс тобы бақылауға алды. «11 сәуір күні 1 сынып оқушысының әжесі немересін ұстазы 1 сағат 45 минут ұрды деп арыз түсірді. Арыздан соң мектеп ішінде жұмыс тобы құрылып, тексеру жүрді. Сынып жетекшісі Арайлым Елдесованың түсініктемесі алынды. Ол оқушыға қол көтермегенін айтты. 11-16 сәуір аралығында ата-аналар балаларының сабағына қатысты. Полиция да балалар мен ата-аналарды қатар отырғызып, түсініктеме алды», — деді мектеп директоры Алмагүл Ешмағамбетова. Айта кетейік, ата-ана жас маман Арайлым Елдесованы жұмыстан шығаруға талап қойған. Ал мұғалім өзінің оқушыға қол көтермегенін айтты. «Оқушыны қыркүйектен бастап алып, сабақ беріп келемін. Оқу үлгерімін жаман деп айта алмаймын. Мен ұрған жоқпын, неге бұлай айтқанын білмеймін», -деді А.Елдесова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда