
2016 жылдан бастап өңірде үштілді білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Осы күнге дейін қандай ауқымды да табысты жұмыс жүргізілгені туралы нақты дәлелдер көрсетуде.
Baq.kz жазғандай, ағылшын тілін меңгеру деңгейі тым төмен болды. Бастапқыда оқытушылардың төрт пайызы ғана ағылшын тілін білетінін көрсеткен. Алайда 2017 жылы ұстаздардың 44 пайызы кәсіби деңгейде ағылшын тілін меңгергенін көрсете білген. Сондай-ақ 11 ағылшын тілінің мұғалімі халықаралық деңгейде ағылшын тілін үйретуге мүмкіндік беретін СЕLTA халықаралық сертификатына емтихан тапсырып, өз біліктілігін дәлелдеп шықты.
Алғаш рет аймақта облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша тіл пәндері бойынша ұстаздардың жеткен жетістігіне сыйақы берілетін болды. Сонымен, халықаралық дәрежеде өз біліктілігін дәлелдеген ұстаздарға облыс әкімінің 800 мың теңге көлемінде сыйақысы берілді.
Сонымен қатар өңірде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде үйрету үшін 82 мектептің 730 мұғалімі арнайы оқытылды.
Пилоттық мектептер «Биология», «Физика», «Химия» және «Ақпараттану» пәндері бойынша екі тілдегі оқулықтармен қамтамасыз етілді.