jasqazaq.kz

Ұстазбен жүздесуге шақыру (фото)

14 қантар 2021, 18:58

Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-қаңтары күні сағат 11:00-де халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, ақын, публицист, ғалым, ұстаз, ф.ғ.к., доцент Нұржан Қуантайұлының 50 жасқа толуына арналған «Баспа ісі және әдеби үдеріс: жазушы – редактор – оқырман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтеді.

Сонымен қатар Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы конференция аясында жинақ әзірлейді. Жинақтың тақырыптары төмендегідей үш секциядан тұрады:

1-секция: Нұржан Қуантайұлы – жазушы, ақын, публицист, ғалым, ұстаз;

2-секция: Қазіргі әдеби процесс: мәтін, тұлға, тенденция;

3-секция: БАҚ және баспа ісі: ізденістер мен мүмкіндіктер.

Жариялауға қойылатын талаптар:

1. Мақала мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде және MS Word бағдарламасында дайындалуы керек.

2. Парақтың параметрлері: барлық шеттері 2 см

3. Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, өлшемі-14.

4. Жоларалық интервал — 1. Параграф: 1,25 см.

5. Сілтемелерді пайдалану арқылы дереккөзді анықтауыңыз керек. Сілтемелер мәтіннің соңында үлгі ережелеріне сәйкес жасалуы керек. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер сілтеме тәртібінде нөмірленуге сәйкес «шаршы» жақшаға ілінуі керек.

Мысалы: [1, 17].

Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын gulzhayna.sayakbayeva@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.
Редакциялық алқа баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады. Жинаққа мақаланы 2021 жылдың 1-ақпанына дейін келесі формада жіберу керек:

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

1. Тегі, аты (толық) _____________________________________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________
3. Мекеме, лауазым _______________________________________
4. Мекен-жайы ____________________________________________________
5. Телефон (халықаралық теру кодымен, ұялы телефонмен) _______________________________________________________
6.Э-пошта ________________________________________________________
7. Мақаланың тақырыбы ___________________________________________________

Қосымша ақпарат:

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ 1971 жылдың 22-қаңтарында бұрынғы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Көкпекті ауданындағы Үлгілімалшы ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ мемлекеттік университетiнiң журналистика факультетiне оқуға түседі. Студент шағынан «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», «Жалын», «Жас қазақ», «Алматы ақшамы» басылымдарында өлеңдері жарияланып, әдебиет әлеміне ерте танылған.

1993 жылы осы факультетті үздiк дипломмен бiтiріп, сол жылдан бастап 1994 жылға дейін Қазақ радиосында аға редактор, шолушы болып қызмет етеді. Қызметін Қазақ радиосы ақпараттар бөлімінің аға редакторы болып бастаған (1993-1994).

Бұдан соң Қазақстан Журналистер одағының Қаламгерлерді қолдау қорының вице-президенті болып қызмет атқарды (1995-1996).

1996 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, журналистик шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасында ассистент, аға оқытушы болды.

1998 жылдан бастап жаңадан ашылған Баспа ісі кафедрасында аға оқытушы дәрежесінде дәріс оқиды.

2000-2001 жылдары – деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
Университеттен қол үзбей жүріп, 2000-2002 жылдары республикалық «Жас алаш» газетiнiң шолушысы, 2002-2004 жылдары «Ақ жол — Қазақстан» газетiнің әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 2004-2005 жылдары «Айқын» газетiнiң саяси шолушысы болып қызмет еткен.

2005–2009 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетін бас редакторының бірінші орынбасары болды.

2009–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне қарасты «Шығыс ақпарат» медиахолдингінің бас директоры қызметін атқарды.

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ 2000 жылы ҚазҰУ-дің диссертациялық кеңесінде «Жүсіпбек Аймауытұлының публицистикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем әдебиеті мен журналистикасындағы публицистика жанрының қалыптасуы, дамуы, Алаш-Орда баспасөзі, Алаш-Орда көсемсөзі, ХХ ғасыр басындағы қазақ газет-журналдары, қазақ баспасөзінің тарихы, теориясы, тәжірибесі.

Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1997), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2001), Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі (2014 жылдан), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі (2014).

Оның «Қараөзек» романы (2001), «Адырна» (1993), «Күмбір» (2005) атты жыр жинақтары, «Алаш-Орда баспасөзі және Жүсіпбек Аймауытұлы» (2012), ««Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі» атты монографиялары (2017), «Қолшатыр» (2013), «Асыл сөз» (2015), «Бейуақ» (2019) атты прозалық жинақтары т.б. кітаптары жарық көрген. Ақынның таңдаулы жырлары «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының антологиясына (2015) енгізілген.

Шығармалары түрік, орыс, қытай, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.

2002 жылы «Әдебиет» аталымы бойынша Қазақстан Жастар Одағының сыйлығының, 2006 жылы «Әдебиет» аталымы бойынша «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Қазақстан Журналистер одағының С.Садуақасов атындағы сыйлығының иегері (2002).

2011 жылғы 10-қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Түркияның Ескишеһир шаһарында өткен бүкіл түркі дүниесі әдеби журналдары фестивалінің дипломанты (2012) болды.

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі,

Қазақстан Журналистика академиясының академигі.

Әдебиеттегі еңбектері үшін 2019 жылы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

2018 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының доценті. Тәжірибелі ұстаз, білікті маман Нұржан Қуантайұлы болашақ баспагерлерді дайындауда айрықша үлес қосып келеді.

Р.S.: конференцияның Zoom-дағы сілтемесі:

Онлайн конференция
22.01.2021
сағат: 11:00

Идентификатор конференции: 867 7443 2310
Код доступа: 207 601
ZOOM

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті.

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Рамазан тел.: +77272211405, ұялы тел.: +77761180847

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Ж.Батырханова, тел.: +77781035998

Жетекші маман Г.Саяқбаева, тел.: +77476920644

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия