jasqazaq.kz

Ұстаз ұлағаты

02 мамыр 2020, 17:11

Анамды сағынып, терезеге телміріп отырмын. Анам күйбең тірліктен шаршап, өңі бозарып, ауруханаға түсіпті, оны ойлаған сайын қараңғылықта қалғандай сезіндім. Түпсіз қиял, терең ой мені иіріміне тартып әкетті. Я, менің де анам — ұстаз. Ол әрдайым оқушыларына мейіріммен қарайтын, уақыты босаса бізге де көңіл бөлетін. Кенет өз-өзіме «ұстаз деген кім» деп сұрақ қойдым. Меніңше, «өмірдің өзі ұстаз». Бір анығы, менің қателескен кезім көп, асықпай қадам бассам да, шалынып қалатынмын. Содан бе екен жақындарыма барынша қамқор болуға тырысамын.
Былай қарасақ, ұстаз кез-келгеннің қолынан келе бермейтіні анық. Өйткені, ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы.

Менің ойымша, әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесінің жүрек түбінде сақталуы заңдылық шығар. Менің есімде мәңгілік қалатын ұстаз — Жанар апайым. Апайым әрдайым еңбек пен қажырлықты мақсат етеді. Бауыржан Момышұлы атамыз: «ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» деп қалай ғана дөп басып айтқан?! Ал мен Жанар апайымды тек мұғалім ретінде ғана емес, жақын адамым деп қабылдаймын. Апайдың қазақ тіліне деген құрметі соншалық, тобымызда кім орысша сөйлесе, соны жазалайтын. Осыдайша, Дарынға келгеннен бастап қазақ тіліне деген құрметім күшейе түсті. Демек, ұстазымның ұлы қасиетін неге ғана бойыма сіңірмеске?! «Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», — деген еді қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев. Ал менің атам да, анам да ұстаздық қасиетін өзгеге ғана емес, бізге де көрсете білді.

Атам болса: «осы қызды оқытыңдар, сендерді асырайды, адамның киіміне емес, ішкі жан дүниесіне мән бер» дейтін еді. «Дарынға» келгенде сол ұстанымды өз өмірімде қолдана білдім.
*Рақмет менің өмірлік ұстаздарым!!!

Ләззат Бақытжанқызы,

Абай атындағы РММИ-дың оқушысы, «Ділмар» үйірмесінің мүшесі

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды