jasqazaq.kz

Ұстаз мәңгі есім

02 мамыр 2020, 17:15

 

…Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары, Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба?
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!!!

Үмбетбай Уайдин

Ұстаз ұлы тұлға. Мұғалім жайлы ойласам, терең де, тұңғиық ойға шомып кетем. Ұстаз деген мейірімді, адамгершілігі мол, білім мен ғылым үйретуге себепші болатын жан. Мұғалімнің бізге деген сезімі, күш-қуат беретін отты сөздері, жүрегімізге шапағат нұрын сеуіп, алға жетелейді. Әрі бұл мамандық толықтай жауапкершілікті талап етеді. Себебі, әр балаға сапалы білім беріп үйретуге, зор шыдамдылық пен мол төзімділік кетеді.

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.», — дейді Мағжан Жұмабай. Яғни, бұл ұлы сөзден түсінетініміз, ұстаз мектептің жүрегі. Сол жұдырықтай жүрек қалай соқса, қан тамырлары да солай қозғалыста болады.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытудағы ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Үш жүздің басын қосқан, дара да, дана Абылай хан:

Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік».-дейді. Қазір жаһандану заманында әр нәрсені білім арқылы шешуге болады. Міне, білімге сенген заман туды. Осы заманда ғылым үйрену үшін ұстаздарымыздың қадір-қасиетіне жетуіміз қажет. Менің түсінігімде ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші ізгілікті жан. Мұғалім деген ат-қасиетті ат. «Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.» — деген еді
Сәбит Мұқанов айтқандай. Келешек ұрпақ алдында зор еңбек пен бейнетті арқалап жүрген ұстаздарымызға мың алғыс. Кім болсақ та, ешқашан мұғалімнен жоғары бола алмаймыз. Себебі мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі…

Шыңғыс Ерболұлы,

Абай атындағы РММИ-дың оқушысы, «Ділмар» үйірмесінің мүшесі

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия