jasqazaq.kz

Ұстаз 9 жасар жетім қызды мектепке ақша өткізбегені үшін масқаралады

27 қазан 2017, 10:36

Жұртты шулатқан оқиға Челябинск қаласында болған. №39 мектептің бастауыштар ұстазы 9 жасар жетім қызды мектеп керек-жарағына ақша өткізбегені үшін сыныптастарының алдында масқаралады.

Бұл туралы REP.ru басылымы жазды.

Қыздың анасы қайтыс болып кеткендіктен, қазір анасының әпкесінің қолына өткен. Оның мектептің керек-жарағына үлкен сомада ақша өткізу мүмкіндігі жоқ екен. “Сынып жетекшісі жиенімді мектептің керек-жарағына, шкаф сатып алуға, күзетшіге төлеуге ақшаны әкелмегені үшін сыныптастарының көзінше әбден масқаралап келді. Ол маған жылына мектепке 1500 рубль, күзетшіге 860 рубль өткізуді талап еткен болатын. Мұнымен қатар, сыныптың керек-жарағына қажет ақшалар бар. Ең сорақысы, біздің ешнәрсеге ақша бере алмай жүргенімізді барша сыныптың алдында айтқан екен”, – дейді қыздың әпкесі.

Алғашқы оқу жылында әпкесі барлық ақшаны төлеп келген. Кейін мұндай мүмкіндіктері болмай қалған екен. “Қыркүйек айында ұстаз күзетшіге ақша төлемеген жағдайда, жиенімнің әке-шешесі келіп мектепті күзетсін деген екен. Наурыз айында киімдер ілетін шкафқа ақша бере алмай қалған болатынмын. Кейін ұстаз осы шкаф үшін ақша өткізбеген жандарға киімдерін ілуге тыйым салыпты”, – дейді әпкесі.

Оқиғаға қатысты №39 мектептің директоры Светлана Урванцева ханым да пікір білдірді. “Мен әр апта сайын мектепте кезекшілік етемін. Әлгі ұстаздың оқушылармен қалай сөйлесетінін де жақсы білемін. Оқушы мен ұстаз арасында кикілжің болған емес. Мен психологты осы сыныпқа жіберіп, микроклиматтың қандай екенін анықтауға кеңес бердім. Қыркүйек айында ақшаны бергісі келгендер ғана алып келетінін айтқан болатынмын. Яғни ешкім ақша беруге міндетті емес. Егер қыздың әпкесі осындай жиналыстарға қатысып жүрсе немесе бірден маған келсе, мұндай жағдай болмайтын еді”, – дейді ол.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде