jasqazaq.kz

Ыстамбұлдағы жарылыс: күдікті ұсталған сәттің видеосы пайда болды (Видео)

14 қараша 2022, 14:45

БАҚ-та Ыстамбұлда бомба жарды деген күдікпен ұсталған әйелдің видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Milliyet түрік басылымына сілтеме жасап.

Терроризмге қарсы бөлім бригадалары шабуылға кінәлі деп танылған әйелді ұстады. Күдікті ұсталған сәттің кадрлары пайда болды.

Айта кететін жайт, бұған дейін түрік полициясы 22 күдіктіні ұстаған болатын, оның ішінде бомба қойған әйел де бар. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді.

«Біз шабуыл туралы нұсқау Кобаниден келген деп бағаладық. Оқиғаға себепкер адам бомбаны қойып кеткен, ол ұсталды. Бұған дейін тағы 21 адам ұсталды», — деді ішкі істер министрі.

Сонымен қатар, Сойлу Ыстамбұлдағы жарылысты ұйымдастырушылар мен кінәлілерге қатаң жауап берілетінін айтты.

«Қылмыскер Африн арқылы өткен. Қазір мұның бәрі анықталып жатыр. Түркияға зиянын тигізген бұл шабуылды ұйымдастырушыларға да, жасағандарға да қатаң жауап беріледі», — деді министр.

Жарылыс Ыстамбұлдың орталығында, Бейоглу ауданындағы Таксим алаңы маңындағы адам көп жүретін Истикляль көшесінде болған. Бұл туристер арасында танымал бағаттардың бірі. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыс алты адамның өмірін қиып, 81 адам жарақат алған.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта