jasqazaq.kz

Ыстамбұлда қазақстандық қызды соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

17 шiлде 2021, 10:59

Қазақстандық қыз Ыстамбұлда қамауға алынды. Бұл туралы  Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Ақпарат қызметінің мәліметінше, қазақстандыққа Түркия азаматына зақым келтірген деген айып тағылған. Оқиға түнгі клубта болған. Үш қыз клубқа барғанда күзетшілер оларды кіргізбей қойған. Шығудан бас тартқан үшеудің бірін сақшылар күштеп шығармақ болған.

Сол сәтте қазақстандық қыздардың бірі күзетшінің саусағын тістеп алыпты. Алайда бейнекамерада жігіттердің ол қызға бірнеше мәрте қол жұмсағаны анық байқалады.

Ал саусағым ісіп кетті деген күзетші ауруханада ем алып жатыр. Қамауға алынғаны күзетшінің саусағын тістеп алған қазақстандық қыз. Бүгінде бейнежазба тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Бас консулдық ақпарат қызметіне жерлесімізбен байланыста отырғанын мәлімдеген.

Қамауға алынған қазақстандық қыздың адвокат мен сол түні жанында болған достары мәлімдеме жасаған. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Олардың сөзінше, күзет қызметкерлері оларға қырыңдап, телефон номерын алуға тырысқан. Жағдай ушығып, сөзге келіспей қалған. Артынша күзетшілердің бірі қыздың шашынан ұстап тұрып ұра бастаған. Қыздар полиция шақыруға тырысқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @aibat_news

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия