Ақмола мен Қарағанды облысында Қорғалжың қорығында ақбөкендерді атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды КТК.
Күдіктілер туралы әлі де ешқандай ақпарат жоқ. ІІМ-де олардың саны жөнінде де ешнәрсе айтқан жоқ.
Үйді тінту барысында ақбөкендердің мүйізі мен қару табылды. Даладан мүйізсіз ақбөкендердің терісі табылды.
Полициядағылар Қызыл кітапқа енген жүздеген аңның көзі жойылғанын айтты.
Браконьерлерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі не 10 млн теңге айыппұл төлеу жазасы төніп тұр.
«Ақбөкендерді жаппай атуға күдіктенуімен полиция қызметкерлері, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» РМК инспекторы ұсталды», — дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.