jasqazaq.kz

Үштөбе тұрғыны тағы да зиратты қиратқаны үшін ұсталды

17 мамыр 2022, 14:00

Алматы облысының Үштөбе қаласында зиратты қиратқан күдікті ұсталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы күдіктінің психикалық ауытқуы бар. Ол бұған дейін де молаларды қиратып, ұсталған. Бірақ бұрынғы әдетін қоймай келеді.

«14 мамыр күні моланың бұзылғандығы, вандализм фактісі болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Қаратал ауданында болған. Жедел-тексеру барысында аталған факті расталды. Күдікті ретінде Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қаңтар айында ғана осындай әрекеті үшін ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жатқызылған болатын. Белгілі болғандай, ер адам екі ай сол диспансерде емін алып, үйіне оралғанда қайта молаларды қиратуға кіріскен», — деді Қаратал аудандық полициясының бастығы Рауан Абраимов.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, күдіктіні тағы да диспансерге жатқызған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін оған қатысты іс сотқа жіберіледі.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр