
Азаматтық авиация комитеті мейрамхана алдына жас жұбайларды тікұшақпен алып келген ұшұышты жұмыстан босатты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
«Бірқатар қазақстандық БАҚ-та видео жарияланды, онда «Falcon Avia» ЖШС-ға тиесілі тікұшақты қондыру сәті көрсетілген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу ережесінің 423-тармағының ережелері сақталмаған», — делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында. Елді мекен аумағына қонуға жол берген әуе кемесінің капитаны А. В. Матвиенко ұшудан шеттетілді, сондай-ақ «Falcon Avia» ЖШС ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексеру үшін инспекциялық комиссия жіберілді.