jasqazaq.kz

Үшінші мегаполис – келушілер саны бойынша алғашқы үштікте

16 маусым 2022, 16:55

Шымкент қаласына келушілер саны жыл сайын артып келеді. Ресми статистикаға сүйенсек, 2022 жылдың 3 айында Шымкентке 97 501 адам келіп, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі үшінші орынға ие болған. Тізім бойынша кезекте Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстары бар. Оның 90 мыңнан аса азаматы Қазақстан тұрғындары болса, 7000-нан аса турист шетелден келген.

Еліміздің үшінші мегаполисіне келушілердің басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Ресей елдерінен сапар жасаған. Ал, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Шымкентке келуші саны 71 156 адамды құрап, еліміз бойынша 5 орынды иемденген болатын.

Қалаға келушілер үшін орналастыру орындарының да саны ұлғайған. Бүгінде Шымкентте 140 орналастыру орны бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 117 пайызға еселенген. Осы қонақ үйлерде 1000-нан аса адам қызмет етеді. Олардың қатарында қонақ үй әкімшісі, хостес, ресепшн қызметкері, оператор, сату менеджері, брондау менеджері, даяшылар, аспаз, бас аспаз, бас менеджер және басқа да қызметкерлер бар. Осы қызметкерлер көрсеткен қызмет арқылы 1 млрд. 627 млн. қаржы тапқан.

Одан өзге, аталған 140 қонақ үйде 2 737 бөлме бар. Бұл орналастыру орындары біржолғы сыйымдылықта 6000-ға жуық адамды қабылдай алады. Жыл басынан бері 100 мыңға жуық адам қонақ үйлерге келіп тұрақтаған. «E-qonaq» жүйесіне тіркелу мәліметіне сәйкес, олар жеке, туристік, кәсіптік және іскерлік мақсаттарда Шымкент қаласына саяхат жасаған.

Қалада туризмді тамыту үшін бірқатар бастамалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Ескі қалашық» тарихи-мәдени кешені «Қазақстанның туристендіру картасының» ТОП-50 нысанының тізіміне енген болатын. Бүгінде жобаның мастер-жоспары әзірленіп, оны жүзеге асыру жөнінде жұмыс тобы құрылған. Осы мақсатта, іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар іске асуда.

Сонымен бірге, биыл Сайрам тұрғын алабындағы сакралды нысандардың туристік тартымдылығын арттыру ісі де қолға алынады.

Шымкентте 2021-2023 жылдар аралығында жеке инвестиция есебінен 11 қонақ үйдің құрылысы басталған болатын. Оның 2-і өткен жылы іске қосылса, бүгінде 9 қонақ үйдің құрылысы жүруде.

Биыл 6 қонақ үй мен 1 хостел, 2023 жылы 2 қонақ үй қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, 6,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 417 жаңа жұмыс орны ашылады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр