jasqazaq.kz

Ұшақта ұйықтап отырған жолаушыны шешіндірген

20 тамыз 2018, 13:48

АҚШ-та 35 жастағы Прабх Рамамурти Spirit Airlines ұшағында жанында ұйықтап отырған жолаушыны шешіндіргені үшін жауапқа тартылмақ.
Stan.kz. жазғандай, ұшақта әйелінің көзінше ұйықтап жатқан жолаушыны шешіндірген ер адам өмір бойына сотталуы мүмкін. Оқиға 2018 жылдың 3 қаңтарында Лас-Вегастан Детройт қаласына бағыт алған ұшақта орын алды. АҚШ-та жұмыс визасымен жүрген Үндістан азаматы ұшақта жанында отырған 22 жасар қыздың шалбары мен жейдесінің түймесін ағытқан. Шетелдік азамат бұны әйелінің көзінше жасаған.
Бойжеткен оянғанда үндістандық азаматтың қолы іш киімінде тұрғанын айтты. Ал әйелінің көзінше осындай азғындыққа барған ер адам жағдайды басқаша түсіндірді. Ол құқық қорғау органының қызметкерлеріне «қатты ұйықтап кеткенін» және қолын қайда қойғанын білмегенін айтты. Кейінірек ол өз сөзіне өзі қарсы шығып, жауабын өзгертті. Үндістан азаматы ұйықтап жатқан жолаушының іш киімін ойнап отырып шешкенін және қыздың көкірегін жейдесі арқылы ұстауы мүмкін екенін айтты.
Ұйықтап отырған 22 жастағы қызды шешіндірген ер адам тікұшақ Детройтқа қонған кезде қамауға алынды. Сот оны жыныстық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп танып, жауапқа тартпақшы. Бойжеткенге азғындық көрсеткен ер адам енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді