jasqazaq.kz

Ұшаққа билетсіз кірген Төреғалиді қандай жаза күтіп тұр?

14 қазан 2018, 21:45

“Эйр Астана” әуе бортына рұқсатсыз кіріп кеткен әнші Төреғали Төреәлінің ісі жалғасын тапты. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оқиға қыркүйек айында болған еді. Әнші отбасымен бірге әуежай зонасы мен ұшақ салонына кіріп кеткен. Алайды ол аталған рейстің жолаушысы болмаған. Соның кесірінен Алматы-Гонконг бағытындағы ұшақ уақытынан кешігіп ұшқан.

Кейіннен Алматы халықаралық әуежайы аталған іске қатысты пікір білдіріп, әуедегі қауіпсіздік шараларының бұзылғанын растады. Олар болған іске кінәлілердің жазаланатынын айтты. Ақырында 4 қызметкерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Алайда полийиядағылар мұнымен шектелмей, қылмыстық іс қозғаған. Олар мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

ІІД 1992 жылы туған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Аталған бап бойынша, күдікті өз кінәсін мойындаса, бір мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде