jasqazaq.kz

Ұшақ құлаған үйдің иесі сұхбат берді

30 желтоқсан 2019, 21:13

Ұшақ құлаған үйдің иесі қазақстандықтарға үндеу жасады. Решет Қалибек Fokker 100 ұшағы құлаған күні журналистерге сұхбат бергенін, алайда олар ақпаратты жариялауға рұқсат сұрамағанын айтты.

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлады.

Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтқан азамат, қираған баспанасына өтемақы өндіріп алу туралы мүлдем ойламағанын жеткізді. Тіпті оған үйіндіге айналған үйінің шығын артығымен өтеп алуға кеңес бергендер болыпты. Сонымен, баспана иесі қандай шағым жазып жүр? Бұл үй қашан салынған және ол неге қараусыз қалған?

Әуежайдан 3 мың метр қашықтықта қандай бір құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатаң түрде тыйым салынған. Заң солай. Бірақ байқасаңыз, қоршау аймағынан бірнеше метр жерде-ақ бүтін бір қалашық бой көтерген. Ал сол қалашықтың қашан, қалай пайда болғанын жергілікті әкімдіктің өзі білмейді.

Бұл маңның тұрғындары ұшақтардың ұшып қонғанын күнде көреді. Тура төбесінен төніп келетін әуе кемесіне көздері үйренген.

Үстімізге ұшақ құлап кетпесін деп күндіз түні тәңірден тілеп жүрген жалғыз бұл жанұя емес. Бәрі сатып алғанбыз дейді. Ұшақ құлаған үйдің иесі де, осыдан 5 жыл бұрын 14 мың долларға алыпты. Жердің құжаты бар, үйдікі жоқ. Өйткені бітпеген.

«Бітпеген үйге құжат жасамайды ғой. Өзіміздің заңда солайбелгіленген. Енді оның ақшасын даулайтындай жағдайда емеспін. Кішкене өз- өзіме келіп алайын. өздері айтқан төлейміз деп мен ол туралы ештеңе сұраған жоқпын. Өздері төлем береміз деді+әкімшілік айтты», — дейді үй иесі Решет Қалибек.

Ал, әкімдіктегілер бізге былай деді.

«Бұл үйдің заңсыз тұрғызығаны айдан анық. Жер телімінің негізгі мақсаты қандай. Ауырлшаруашылы деген сиқты бөлінеді ғой, соны анықтаймыз. Арнайы тексерістіңғ қорытындысы бақ арқылы көпшілікее жеткізілетін боалды. адамның құжаттары толық болса, неліектен заңдастыра алмады деген сұрақ туындайды. Және ол үйдің ол жерде тұруы бойынша сұрақтар бар. Қалайша тұрғызылды, кім рқсат берді. Ол бойынша толығымен тексеретін боламыз», — деді әкімдік.

Тұрғындардың айтуынша ұшақ соққан үйде апат болмай тұрып, Решет баласы әйелімен тұрған көрінеді.

«Бұл жерде бұрын кішкентай бала тұрған. Жылай берген соң көшіп кетіпті. Бала сезеді ғой бәрін», — деді тұрғын.

Иә, бала жүрек жамандықты сезген болар. Ал басқа үйдегі балалардың, бір сұмдықтың боларын алдын ала сезеріне кім кепіл.

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия