jasqazaq.kz

Ұшақ ішінде болған жолаушы апаттың қалай болғанын айтып берді

27 желтоқсан 2019, 12:26

27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы құлады. Tengrinews.kz тілшісіне аман қалған жолаушы лайнер бортында қандай жағдай болғанын айтып берді.

«Мен жиі ұшамын. 07:05-те ұшақ әуеге көтерілуі керек болған. Алайда бұл жолы кешікті. Бізге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатқан уақытта, ұйықтап кетіппін. Түнімен ұйықтамадым, себебі кешігіп қаламын деп алаңдадым. Ұшақ әуеге көтеріле бастағанда ояндым. Сөйтсе, ұшақ екі рет көтеріліп, биікті жоғалтқан екен.

Сосын қатты дауыс шықты — қозғалтқыш па не басқа бірдеңе. Ұшақ қиғаш ұшты. Барлығы кинодағыдай болды: айғай, шу, жылаған адамдар. Мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өте қорқынышты. Соққы болды, менің алдымды бір темір бөгеп қалды, шыға алмадым.

Біреу айғайлап жатты: «Шығыңдар!». Осы кезде сөйлей алмай қалдым. Мен ұшақ қанатының тұсында отырғанмын. Ұшақ қанатына аяқ басқаным есімде. Ұшақ жерде жарылуы мүмкін деген сөздер айтыла бастады. Түсім секілді», — дейді әйел.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық