jasqazaq.kz

Ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың бәрі ауруханадан шығарылды

11 қантар 2020, 20:55

Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың бәрі ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның айтуынша, жақында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ем алып жатқан екі бала амбулаториялық ем алуға ауыстырылып, үйлеріне қайтарылған. Жалпы, қазіргі таңда апаттан зардап шеккен 16 адам Алматының стационарлары мен көпбейінді клиникалық орталықтарында, Нұр-Сұлтанда әлі де емделуде.

Атап айтқанда, ересектердің жетеуі қалалық №4 клиникалық ауруханасында, екеуі шұғыл медициналық көмек көрсететін ауруханада, тағы екеуі Орталық қалалық ауруханада, одан бөлек екеуі Алматыдағы көпбейінді клиникалық емханада ем-домын жалғастыруда. Апаттан зардап шеккен тағы екі бала елордадағы ауруханаларда жатыр.

Жалпы, апат орын алған күні стационарларға 52 адам, оның ішінде 69 бала түскен еді.

Сондай-ақ бұған дейін ҚР бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин апаттан зардап шеккен балаларға көмек көрсетіп жатқанын хабарлаған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде