jasqazaq.kz

Үш жүздей өзбек Қазақстан мен Ресей шекарасында түнеп жүр (видео)

21 қазан 2020, 22:10

300-дей өзбек Қазақстан мен Ресей шекарасында сабылып жүр. Олар Қараөзек шекара бекеті арқылы елдеріне өткізі келеді. Барар жер, басар тауы жоқ еңбек мигранттары далада тамақ ішіп, көлікте ұйықтауға мәжбүр. Араларында балалар да бар. Ең кішісі — 3 айлық сәби. Әзірге оларға сол маңдағы Краснояр ауданы мен өзбек диаспорасы ас-су, керек-жарақпен көмек көрсетуде. Ала шапандылардың ашық аспан астында арып-ашып жатқандарына 10 шақты күн болған.

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:

Атырау облысы арқылы өткізсе, Қарақалпаққа жетіп аламыз. Бар-жоғы 250 шақырым. Біз де мұсылманбыз. Қиналып жүрміз. Арамызда жас балалар бар. Тәулік берсеңіздер болды. Қаласаңыздар Қазақстан аумағында бір де бір жүргізуші жолда тоқтамайтын болады.

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:

Бәрінің короновирусқа ПЦР тест нәтижесі бар. Кейбірі 2-3 рет тапсырған. Егер қаласаңыздар тағы да тапсырамыз. Арамызда ауру жоқ. Бәрінің денсаулығы жақсы. Біз де аяп, көмектесуді сұраймыз Қазақстан үкіметінен.

Қазір олардың қасында Астраханьдағы «Өзбекстан» қоғамдық ұйымы жетекшілері жүр. Олар да бұл мәселе тезарала Үкіметтік деңгейде шешуді қажет етеді деді.

Баходир АМИНОВ, «ӨЗБЕКСТАН» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мында адамдар өте көп. Қазақстан шекарасынан біртіндеп өткізіп жатыр деп естіп жиналған. Олар екі-үш айдан бері сабылып жүр. Біресе Орынборға барады, ол жерден өткізбейді. Қазір олардың баратын жері, қалталарында ақшасы жоқ.

Ақпарат көзі: Астана телеарнасы

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия