jasqazaq.kz

Үш жыл бойы көлік ұрлаған 22 жастағы жігіт ұсталды

15 ақпан 2021, 11:33


Ер адам Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы jasqazaq.kz аұпарат агенттігі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, күдікті қылмыс жасауға мұқият дайындалған және неміс өндірушісінің көлігін алдын ала таңдаған, сондай-ақ көлікті ұрлау бағытын жоспарлаған.

— Ұрлықты сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін жасағаны анықталды. Тек «Ауди 80» маркалы автокөліктерді айдап кетіп жүрген. Өйткені мұндай көліктердің қосалқы бөлшектері нарықта сұранысқа ие, — деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Қылмыстық әрекеттің басында ол ұрланған көліктерден бөлшектерді таныстары арқылы сатып жүрген. Одан әрі OLX ақпараттық жүйесі және «Ауди» әуесқойлар тобы арқылы айласын іске асырған.

Ұсталған кезде ер адамнан «Ауди» маркалы автокөліктердің кілттері мен гараждан «Ауди-80» маркалы автокөліктің қосалқы бөлшектері алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жедел уәкілдер 2019, 2020 және 2021 жылғы қаңтарда Павлодар облысының аумағында тіркелген автокөлік ұрлығының 6 фактісіне ұсталған ер адамның қатысы барын анықтады.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде