Алматыда бүгін коронавирус инфекциясынан толық сауыққан 9 пациент стационардан шығарылды.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жазылғандардың бесеуі — әйел, біреуі — ер адам болса, қалғаны — кәмелет жасына толмаған 16 жастағы 2 жасөспірім мен 17 жастағы қыз.
«Оның төртеуі — 27 наурызда Санкт-Петербордан, екеуі — 24 наурызда Дубайдан және Мәскеуден, біреуі — 20 наурызда Ыстанбұл-Тбилиси-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген және екеуі инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған», — дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Науқастар ауруханада 16-18 күн емделген. Олардың барлығы 14 күндік үй карантиніне шығарылды. Дәл қазіргі сәтте Қазақстанда 81 адам, оның ішінде Алматыда 37 науқас коронавирус инфекциясынан жазылған.
ҚазАқпарат