jasqazaq.kz

Үш тұрғын 800-ден астам киік мүйізімен ұсталды

12 сәуiр 2021, 12:46

Батыс Қазақстан облысында үш тұрғын 805 дана киік мүйізімен ұсталды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Бөкей ордасы ауданында болды. Жедел іздестіру шаралары барысында Сайқын-Бисен жолының 26-шақырымында 1994 жылғы екі және 1982 жылғы бір тұрғын қолға түсті. Олар отырған «ВАЗ-21214» автокөлігінен сегіз қапшыққа салынған 805 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне (киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды. Ұсталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы, олардың сыбайластары, мүйізді өткізетін орындары анықталуда. «Бұл мүйіздердің құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды. Бұл соңғы жылдары браконьерлерден тәркіленген ең ірі партия болып есептеледі. Өткен жылы киіктің дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша 61 дерек тіркеліп, соның 30-ы сотқа дейін жетті. Биыл 17 деректің 8-і сотқа жолданып үлгерді. Қалған деректер бойынша тергеу амалдары жалғасуда», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда дүкен мен ақша айырбастау пунктін тонағандар ұсталғанын жазған болатынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде