jasqazaq.kz

Үш облыста ескерту жарияланды

14 ақпан 2019, 17:51

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды «Қазгидромет».

Мамандардың мәліметінше, 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді. 15-17 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. 15 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Бүгін, ІІМ ТЖ комитетінің мәліметі бойынша, сағат 00.15 — тен бастап ШҚО-дағы Алматы-Өскемен тас жолында Алматы облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейін 615-768 шақырым жол жабылды. Сондай-ақ Өскемен — Зырян — Рахман қайнарлары трассасының шағын бөлігі жүк көліктері үшін жабық. 12.30-дан бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты облыстық маңызы бар Үшарал — Қамысқала автожолы учаскесінде 7-60 шақырым, автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық