jasqazaq.kz

Үш облыста ескерту жарияланды: Жел күшейіп, үсік жүреді

24 сәуiр 2020, 16:40

Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. Түнде солтүстікте 3 градус үсік күтіледі.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

25 сәуірде Ақмола облысының түнде кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетуі ықтимал. Түнде ауа температурасы кей жерлерде минус 3 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

Сол күні Көкшетау қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

25 сәуірде күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі