jasqazaq.kz

Үш мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдің түрмелерінде отыр

06 қазан 2017, 11:00

Үш мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдің түрмелерінде отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Владимир Волков мәлімдеді.

“Ресми статистика бойынша қазір 3056 Қазақстан азаматы шетелде сотталған. 1278 шетелдік біздің түрмелерде отыр. Олардың бәріне құқықтық қолдау керек. Қазақстанға туристердің қызығушылығы артып келеді. Мәселен, 2016 жылы елімізге 170 мемлекеттен 6,5 миллион турист келген. 10 миллионға жуық жерлестеріміз шетелге барған. Олар, өкінішке орай, түрлі оқиғаларға тап болады. Мұндай келісімдер азаматтарымызды қайтаруға септігін тигізеді”, – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волков.

Жоғарғы палата Қазақстан мен Сербия арасында сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялады. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл Қазақстан 80-нен астам шетел азаматын туған жеріне қайтарған. Ал сотталған сегіз шетелдікті елдеріне бермеген. Олар біздің түрмелерде отыр.

“Жыл сайын 100-ден астам адамды біз өзіміз береміз. Бізге де, былтырға келетін болсақ, 103 азамат біздің сұрауымыз бойынша Қазақстанға берілді. 85 азаматты біз басқа елдердің сұрауымен біз оларға беріп отырмыз”, – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде