jasqazaq.kz

Үш елді мекенді су басты (видео)

09 ақпан 2021, 14:04

Алматы облысында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын мен қар еруіне байланысты жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басты.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Оның деректеріне қарағанда, Алматы облысындағы Ескелді ауданының Ешкіөлмес және А.Алдабергенов ауылын, сондай-ақ Көксу ауданының Талапты ауылын су басқан. «8 ақпан күні түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елді мекенінде жеке тұрғын үйлердің 40 ауласы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерім Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылындағы оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялады және олар орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорғытылды. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-деді ресми өкіл. Ол келтірген деректерге қарағанда, су басқан жерлерде барлығы Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары 67 қызметкер, 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды. «ҚР ТЖМ азаматтардан су тасқыны қаупі бар кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды, аула аумақтарына іргелес арық желілерін қар мен қоқыстан уақытылы тазартуды сұрайды. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 101 немесе 112»,-делінген хабарламада.

https://youtu.be/Px9wHbvNH8E

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты