jasqazaq.kz

Үш Американдықтың байлығы 160 миллион адамның ақшасынан да асып түсті

10 қараша 2017, 16:13


АҚШ-тағы ең бай үш адам — Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс және инвестор Уоррен Баффеттің байлығы АҚШ-тағы жарты халықтың, яғни 160 миллион адамның байлығынан да асып түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Institute for Policy Studies-ке сілтеме жасап lenta.ru жазады.

Forbes журналындағы рейтингке сәйкес, жоғарыда аталған бизнесмендердің жиынтық капиталы 250 миллиард долларға бағаланды.

Баяндамада көрсетілгендей, АҚШ-тағы ең бай 25 миллиардердің, оның ішінде Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг және Google құрастырушылары Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің байлығы бір триллион долларға жеткен.

Автомобиль құнын есепке алмағанда америкалық отбасының орташа деңгейі 80 мың доллар болады.

Сарапшылар қазіргі таңда бай мен кедейдің арасындағы алшақтық артып келе жатқанын айтады. Олар шектен тыс көп жиналған капитал жиынтығын салықтың көмегімен реттеуге шақырады.

8 қараша күні Forbes АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росты өз байлығын өтірік көрсетті деп айыптады. 13 жыл бұрын Forbes-ке өзінің активтері бір миллиард долларға жеткенін хабарлағаннан кейін ол ең бай 400 америкалықтың тізіміне енген болатын.

Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті