jasqazaq.kz

Үш ай бұрын жоғалған жасөспірім Шымкенттен табылды

29 маусым 2021, 15:08

Түркістан полицейлері үш ай бойы іздеген жасөспірімді Шымкенттен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің арызында кәмелет жасына толмаған 11 сыныпта оқитын ұлы отбасылық жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлайды. Сол кезден бері ұялы телефоны өшіріліп, хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді.

Аталған жайтты тіркеуге алған сайрамдық полицейлер жедел әрекетке көшті. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, жасөспірімнің суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берді. Жас жігіттің достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді.

Іздестіру нәтижесінде оның жүрген жері үш айдан кейін анықталып, жасөспірім Шымкент қаласында жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Осылайша 11 сынып оқушысы отбасына дін-аман қайтарылды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия