jasqazaq.kz

Үш адамды өлтіріп, өртеп жіберген

23 желтоқсан 2018, 17:40

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен кейін үш адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теректі аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Дүйсенғалиевтің сөзіне қарағанда, оқиға аудан орталығы Федоров ауылында 21 желтоқсан күні болған. Сағат 23.00 шамасында Межколхозная көшесі 2/2 мекенжайында тұрғын үйдің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Өрт сөндірілген кезде оқиға орнынан зорлықпен өлтірілген екі әйел және бір ер адамның мүрдесі табылды. Қылмыстың ізі суымай, 22 желтоқсан күні сағат 03.00 шамасында 45 жастағы азамат ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (екі немесе одан көп адамды өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қолға түскен ер адам бұрын осы үйде тұрған. Үй иесі — әйелмен азаматтық некеде болған. Күдікті үш адамды өлтіріп, өртеп жіберген.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер