jasqazaq.kz

Үш адамды атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралауға не себеп? (Видео)

17 наурыз 2022, 11:01

Үш адамды атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралауға не себеп? Атырауда үш адамды атып өлтіріп, біреуін ауыр жаралаған күдікті қамауға алынды. Қазір тәріп сақшылары оның не үшін мұндай қылмысқа барғанын анықтап жатыр. Болжам бойынша, бұл жағдайға қаза тапқандар мен қаскөй арасындағы кикілжің себеп болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

— Осы іске күдікті Маңғыстау облысының 1993 жылы туған азаматы анықталып, ұсталды. Бұрын еш соталмаған азамат. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындарды әбден шошытқан сұмдық оқиға кеше түнгі сағат он шамасында Авангард ауданында болған. Белгісіз азамат көлікте отырған төрт адамға оқ жаудырып, үшеуін сол жерде жер жастандырған. Жарақат алған біреуі шұғыл ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалыпты. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді. Өйткені иығы мен басына оқ тиіп, миына зақым келген. Қазір науқас жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.

Ал оқиға орнынан із суытқан күдікті көп ұзамай қолға түсіп отыр. Ел арасында атыс әйел үшін болған, қаза тапқан жігіттер сол келіншектің туыстары деген қауесет тарауда. Бірақ тәртіп сақшылары жел сөзге сенбеуге шақырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде