jasqazaq.kz

Үш адам көлік түтініне уланып өлді

17 қараша 2021, 17:24

Павлодарда гаражда уланып өлген үш адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының бір күнінде Павлодар қаласындағы Мир көшесінде орналасқан гараж боксында әйел мен екі ер адамның мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу ерлі-зайыптылардың автокөлік жөндеумен айналысқан гаражды жалға алғанын анықтады.

– Ерлі-зайыптылар жұмыс орнында болған кезде оларға отбасылық досы келгені белгілі болды. Барлығы бірге гаражда ішімдік ішкен, суыта бастаған соң Mercedes Benz маркалы автокөлікті іске қосып, ұйықтап қалған. Мәйіттерді көрші гараждың жалға алушысы тапты, ол бұл туралы полицияға хабарлады. Гараждың іші автокөліктің газ құбырынан шыққан тұншықтырғыш газға толы болған. Жүргізілген сот-медициналық сараптамаларға сәйкес, үш адамның өлімі улы газбен улану салдарынан болған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Тәртіп сақшысы Гагарин көшесінде орналасқан гараж кооперативінің боксындағы ер адам да осындай қайғылы өліммен көз жұмғанын жеткізді.

14 қарашада бір ер адам полицияға қоңырау шалды. Анықталғандай, ол гараж бойынша көршісі болып шықты. Ер адам өз көлігін гаражға кіргізген кезде көрші гараждан көлік қозғалтқышының іске қосылған дыбысын естігенін және шамның жанып тұрғанын түсіндірді. Гараждың есігін қақты, бірақ ешкім ашпады. Ер адам уайымдай бастады, полиция шақырды. Оқиға орнына келген полицейлер облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ВАЗ-21150 маркалы автокөлігінен тапты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, мәйіттер табылған кезде гараждағы көліктер жұмыс істеп тұрған күйде болған.

– Кез келген көлік жүргізушісі қауіпсіздік шараларын байыппен қабылдауға міндетті. Газбен уланудың алдын алу үшін жүргізушілер көліктің газ шығару жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын, олардың герметикалығын ұдайы тексеріп отыруы тиіс, – деді Рашад Өтеуов.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр