jasqazaq.kz

Қырымды Ресейге қосып қойған астаналық суретшілер кешірім сұрады

13 маусым 2017, 22:04

Суретшілер үшін дипломаттарға ақталуға тура келді. Елордада орнатылған Ресейдің қартасына Қырымды қосып қойған отандық қылқалам шеберлерінің әрекетіне қатысты бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Ал дау тудырған туындыны суретшілер қайтадан бояп үлгеріпті. Ресей картасының орнына қызыл алаңды салса, Украинаға тиесілі шарды ту түстес бояумен жағып тастаған. Астанадағы «Нұржол» бульварына ЭКСПО-ға қатысып жатқан мемлекеттердің шар іспеттес картасын көтерген адамдардың мүсіні қойылған болатын. Солардың ішінде Ресейдің территориясы бейнеленген картаға Қырым қосылып кеткен. Мұны көрген Украина елшілігі Қазақстанға наразылық білдіріп, Сыртқы істер министрлігінің түсініктеме беруін талап етіпті. Біздің дипломаттар Украинаның шамына тиетіндей сурет салған қылқалам шеберлерін дереу тауып, кешірім сұратқан. Айта кетсек, Украинаның Қырым аймағын Ресей 3 жыл бұрын аннексиялап алған болатын.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

-Біріншіден, бұл оқиғадан саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Суретшілердің салғаны, оның түбінде ешқандай саяси ой болмаған. Олар өз кінәсін мойындады және Украинаның елшілігіне кешірім сұрап, ресми хат жолдады.

ktk.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу