jasqazaq.kz

Ұрылар зират басындағы құлпытастарды тонап жатыр

19 шiлде 2019, 11:46


Алматы облысында жаға ұстатарлық жағдай. Ұрылар бейіт басындағы тастарды ұрлап жатыр. Оқиға Көксу ауданында болған.
Әруақты қорлап, ардан безгендерді қазір полиция тексеріп жатыр. «Тасты ұрлаған адм еш уақытта оңалмайды деп ойлаймын. Ешқашан өсіп-өнбейтін шығар», — дейді жәбірленуші.
40 жастағы Нұртілеу Садықовтың басына дұға етуге келген жақындары бейіт басындағы тастың ұрланғанын көргенде төбемізден жай түскендей болды дейді. Марқұмның туыстары 30 сәуірде келгенде марқұмның аты жазылған тс болған. 1 жарым айдан соң қайтып оралғанда жер сипап қалғандарын айтады. Ұры марқұмның есімі жазылған қара гранит тасты бұүіндей алып кеткен.
«Жатқан жерінде де тыныш жатқызбады ғой. Мұндай жағдай басқалардың басында болмасын. Жағдай түзелсе екен», — дейді тұрғын Нұргүл Садықова.
«Бір басында қара тас. Келгенде бетін сипап, құран оқып қана қайтамыз. Енді далаға келгендейміз, не аты жоқ, не заты жоқ. Темір өткізді дегенді естігем, бірақ біреудің аты-жөні жазылған тасты қайда апарып атады», — дейді марқұмның жолдасы Шолпан Садықова.
Ұрланған қара гранит тас 150 мың теңгенің көлемінде. Жерлеу рәсімімен айналысатындар жазбаны оңай өшіруге болады дейді.
Садықовтар әулеті жергілікті шенділерден зиратқа күзетші қоюды сұрайды. Ондай ұрылар кез келген қылмықа барады деп қорқады.
Оқиға болған Мұқыр ауылдық әкімі Көксу аудандық әкіміне бұл ұсынысты жеткізетінін айтты. Ал, облыстық полиция департаменті ұрыны іздестіріп жатқанын айтады. Садықовтар ұрының табылып, әділ жаза алуын қалайды.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде