jasqazaq.kz

Ұрлыққа түскендер ұсталды (видео)

30 сәуiр 2020, 11:22

Алатау ауданының аумағында қара топырақты қазып, жүк көлігіне тиеп алып кетпек болған азаматтар ұсталды.

Полиция әкімшілік құқық бұзушыларды заттай айғақпен ұстады.

«Бұл азаматтар ҚР ӘҚбК бірқатар баптарымен жауапқа тартылды. Олар құнарлы қара топырақты ұрлап, сатпақ болған. Сондай-ақ, олардың карантин кезінде қала ішінде қозғалуға ешқандай рұқсаты жоқ»,– дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Осылайша, 23-38 жас аралығындағы төрт ер адам ҚР ӘҚбК 337, 463, 476 және 505 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды, ол жерде әр бұзушыға қатысты шешім шығарылады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия