jasqazaq.kz

Ұрланған затты сатып алушы қылмыс үстінде ұсталды

23 қазан 2019, 12:31


Алматыда автокөліктердің ұрланған көлік айнасын сатып алушы ұсталды.

Соңғы бір айда Алмалы ауданының аумағында 30-дан астам ұрлық жасаған әккі ұры қылмыс үстінде ұсталды. «Полиция бөлімшесіне Мәметова мен Чайковский көшелерінің қиылысында тұрған көліктің айнасы ұрланғаны туралы хабар келіп түсті. Тергеу тобы оқиға орнына жіберілді. Қылмыскердің қолтаңбасын ескере отырып, біз оның осы ауданға тағы да ұрлық жасауға келетінін білдік. Расында солай болды. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам қолындағы айғақ заттардан құтылуға тырысты. Ұрланған айналарды лақтырып жіберді»,-дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. Күдікті 1987 жылы туған. Бұрын қарақшылық жасап, бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті негізінен «Toyota Land Cruiser 200», «Lexus LX 570», «Toyota Camry 55» маркалы көліктердің бүйір айналарын ұрлауға маманданған. Ол қылмыстық жолмен тапқан тауарын «Kaр Сити» сауда үйінде жұмыс істейтін танысына сатып келген. «Ұрланған айналарды 32 жастағы М. атты азамат сатып алып, оны басқа сатушыларға беріп отырған. Осылайша ол ұрланған айналарды қайта сату арқылы үстінен пайда көрген. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 196-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — дейді Есен Ысқақов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде