jasqazaq.kz

Ұрланған тапаншаны сатып алған күдікті ұсталды

27 ақпан 2020, 11:04

Шымкент маңындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-тергеу тобы әскери Абылай Балғынбайдың сыбайласы екі тапанша алғанын анықтаған. Қару тәркіленді.

«Тергеу барысында күдіктінің қаруды алудағы мақсаты мен себебі, сондай-ақ қылмыстың мән-жайы анықталады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған. Қару ұрлаған әскери артынша 20 ақпан кешкі уақытта ұсталған.

«1995 жылы туған әскери қызметші Абылай Балғынбай бүгін әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, атыс қаруын ұрлаған, ол ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІМ өкілдері.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия